Салалар
Талқылаулар
Новость
Жас ғалымдар
2016 жылдың 12 қазан айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл: тарихы, жетістіктері, келешегі» тақырыбында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі халықаралық «Гумилев олимпиадасы» өткізілді. Бұл олимпиадаға біздің мектебімізден 8 оқушы қатысты (9-11 сыныптар). Гумилев олимпиадасында біздің 11 «А» сынып оқушысы Райқұл Алихан (жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Бимендин Б.Д.) терең білімін көрсетіп 1 дәрежелі дипломымен марапатталды. Тоқтыбаева Анель 11 «А» сынып, Жұмақан Айсұлу 11 «А» сынып, Болат Диана 11 «А» сынып, Тәліп Санат 9 «Ғ» сынып, Қаратаев Даниял 10 «А» сынып оқушылары белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды. Ғылыми жетекшілері: тарих пәнінің мұғалімдері Темирханова Жибек Сейтовна, Ердеханова Сапарай Сапарбаевна, Бимендин Болат Дусимбекұлы, Сейтен Гульбану Толеуқызы, Хасен Масғұт сертификатпен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!






58mektep
Жарайсыздар! Мектеп мәртебесін көтеретін ұстаздар мен оқушылардың саны көбейе берсін!!!