Салалар
Талқылаулар
Новость
"Біз таза қаланы қолдаймыз!»-деген ұранымен өткізілген қалалық сенбілік болып өтті
2016 жылдың 15-қазан күні Астана қаласы №49 орта мектебінде «Біз таза қаланы қолдаймыз!»-деген ұранымен өткізілген қалалық сенбілікке
2016 жылдың 15-қазан күні Астана қаласы №49 орта мектебінде «Біз таза қаланы қолдаймыз!»-деген ұранымен өткізілген қалалық сенбілікке мектеп ұжымы мен оқушылары толықтай қатысты. Балаларға сенбілік кезіндегі еңбек ережелерімен таныстырылды.
Сенбілікке 5-11 сынып арасынан 694 оқушы қатысты. Сенбілік 12.30-да басталып, сағат 14.00-де аяқталды.
Экологиялық сенбілікке санитарлық – тазалық жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтармен (сыпырғыш, күрек, тырма, шелек, қолғап, қапшықтар) қамтамасыз етілді.
Мектеп ауласы тазартылып, қоқыстар шығарылды.

