Мектебімізде технология, бейнелеу, музыка апталығы аясында 6-сыныптар арасында «Жас актерлер» байқауы өтті. Қатысушылар «Бауырсақ» ертегісін заманауи үлгіде сахналады. Әділқазылар алқасының құрамында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Шах-Мұрат Ордабаев пен Жүсіпова Гаухар, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Композиция» бөлімінің студенті, жас композитор Азамат Абдрахиев болды.
Мектебімізде технология, бейнелеу, музыка апталығы аясында 6-сыныптар арасында «Жас актерлер» байқауы өтті. Қатысушылар «Бауырсақ» ертегісін заманауи үлгіде сахналады. Әділқазылар алқасының құрамында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Шах-Мұрат Ордабаев пен Жүсіпова Гаухар, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Композиция» бөлімінің студенті, жас композитор Азамат Абдрахиев болды. Байқау қорытындысы бойынша І орын 6 «Г» сыныбына бұйырды. ІІ орынды 6 «Б» сыныбы алса, ІІІ орынға 6 «В» сыныбы жайғасты. Кеш барысында жас әншілерден құралған «Тоба» квартеті өнер көрсетті. Аталмыш топ Азамат Абдрахиевтің авторлық әндерін орындады. Келген қонақтар да өз өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымды қуанышқа бөледі.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.