Салалар
Талқылаулар
Новость
«Елім деп ерліктенген 28 панфиловшылар»
«Елім деп ерліктенген 28 панфиловшылар»
316-шы атқыштар дивизиясының 75 жылдығына байланысты өлеңдер байқауы
Мақсаты: Ұлы Отан соғысында 28 понфиловшылардың ерлігін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүйюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
«Елім деп ерліктенген 28 панфиловшылар»
316-шы атқыштар дивизиясының 75 жылдығына байланысты өлеңдер байқауы
Мақсаты: Ұлы Отан соғысында 28 понфиловшылардың ерлігін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүйюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
1-жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! 316-шы атқыштар дивизиясының 75 жылдығына арналган кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүр: Қазақ атырабында құрылған даңқты 316-шы атқыштар дивизиясына бүгінде 75 жыл толды. Сұрапыл соғыс жылдары ерен ерлік көрсеткен әскери құрамада 36 ұлттың өкілі болған. Қиян-кескі ұрыстарға қатысқан дивизияның ерліктерін бірнеше ұрпақ үлгі еттіп келеді.
1-жүр: 1941 жылы маусым айында соғыс өрті лап ете қалды. Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-шы атқыштар дивизиясы құрылды. Шұғыл түрде соғысқа аттанған әскери дивизияның жауынгерлері осы жылдың қазан-қараша айларында-ақ Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті.
2-жүр: Ұлы Отан соғысындағы, аңызға айналған қазақстандық батырлардың бірі — гвардия генерал-майоры, Қызылтулы 8-ші гвардиялық атқыштар (бұрынғы 316-ші) дивизиясының командирі Иван Васильевич. 316-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы Панфиловшылар дивизиясы деген атаумен тарихта терең із қалдырды.
1-жүр:Жері мен елінің өшпес те өлмес тартымды да әсерлі тарихын, ата – бабаларымыздың өмірлік және қаһармандық тамаша да қайсар өнегелері мен тәжірибелерін баға жетпес қазына деп түсінген және сол қасиеттерді бойына терең сіңіре білген ұрпақ қана құрметке лайық. Бугінде батыр бабалардың ұрпағына айналған оқушыларымызда өз өнерлерін ортаға салмақ.
2-жур: Отан үшін от кешкен батырлардың,
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.
Даңқтарын олардың тілеймін мен,
Ғасырлардан ғасырға асқандығын.
1-жур:. Алты аспабы жарқылдап астында айдың,
Жалын шашып жүздері шегіп айбын,
Аттанды кеп ерлері Ұлы Отанның,
Дауыл күнгі бейне бір шалқар айдын-дей келе бүгінгі жарыста әділшешім шығаратын әділ қазылар алқасымен таныс болайық
1Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Габдуллина Б.А.
2 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шаханов О.С.
3 Тарих пінң мұғалімі Шапиева Г.Ш.
2-жур:Олай болса, оқушыларымыздың ісіне сәттілік тілейік!
1 Ергеш Даяна 9 б
2 Көпбосын Дария 9 в
3 Магзум Айдай 9 г
4 Мыңғара Бақытжамал 10ә
5 Сағынтай Перизат 10б
6 Жанел Назерке 10в
7 Рамазан Дина 10в
2-жур:Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?
Қазанынан қайғының ел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен,
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,
Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін.
1-жур: Сұм соғыстан аман сау қалған ерлер,
Отан үшін отқа да жанған ерлер,
Бәріңіз де біздерге қымбатсыздар,
Құрметті де қадірлі ардагерлер!!!
2-жур:Азамат, білесіңбе бүгінгі шарамызға қатысушылар өздерінің Отанына деген суйіспеншілігін әрбір жыр жолдарында,жүрегінен тулатып көрермендерімізге жеткізді деп санаймын.
1-жур:Иә,дұрыс айтасың Дидар! Олай болса оқушыларымыз әділ қазыларға қандай әсер қалдырды екен.Қазыларды тыңдайық!
2-жур:Осы тұста мен көрермендерімізді бабаларымыздың алған жетістіктерімен таныстырып өткім келеді. Мәскеуді қорғауда Панфилов басқарған дивизияның батальон командирі, қазақ халқының ержүрек ұлы Бауыржан Момышұлының, жиырма сегіз қазақ панфиловшы-батырлардың даңқы шықты.
1-жур: Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов Ленин, үш мәрте Қызыл Ту ордендерімен, «Жұмысшы-шаруа Қызыл әскеріне 20 жыл» медалімен марапатталған. Алматы облысының бір ауданы, Алматы қаласындағы көше И. В. Панфилов есімімен аталады, Алматыда 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.
2-жур: Батырлардың ерлігі туралы алғаш рет 1941 жылдың 27 қарашасында «Красная звезда»газетінің кезекті санында Каротеев деген майдандық корреспонденттің очеркінде баяндалған болатын. Мақалада барлық жауынгерлер қаза болды деп айтылған болатын. Келесі күні, 1941 жылдың 28 қарашасында «Красная звезда»-ның әдеби хатшысы Кривицкий жазған «Құрбан болған 28 батырдың өсиеті» атты мақала жарық көрді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен Кривицкийдің очеркінде аталып, қаза болған барлық 28 гвардияшыға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1-жур: Жеңіс туы желбіреген кездерде,
Қуаныштың жасы үйірілген көздерге.
Отан үшін отқа түскен аянбай,
Батырлықтың рухы мұра біздерге.
2-жур: Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.-дей келе жеріүшін жанын қиған батыр баба рухына тағзым етеміз!
1-жур:Бугінгі батырларға арналғанкешіміз өз мәресіне жетті! Қош сау болыңыздар!

