Салалар
Талқылаулар
Новость
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына оқушылардың саяхаты
2016 жылдың 14-қараша күні Астана қаласындағы №49 орта мектебінің оқушылары «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар»
2016 жылдың 14-қараша күні Астана қаласындағы №49 орта мектебінің оқушылары «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар» мұражайына саяхатқа барды. Оқушылар мұражаймен толық танысып, Төтенше жағдайлар басқармасының басшыларының өмірбаянымен танысып, көрме залында Астананың өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен танысты, Астанадағы алғашқы өрт сөндіру депосының макеті, офицерлердің салтанатты киімі, өрт сөндірушердің жауынгерлік киімдері, өрт сөндіру-техникалық қару жарақтары: өрт сөндіру оқпаны мен өрт сөндіру жеңін тамашалап, өрттен сақтану шаралары туралы оқушыларға түсіндірмелі бейне баян көрсетілді. Мұражай қызметкерлеріне оқушылар сауалдарын ұсынып, тиісті жауаптарын алды.

