Салалар
Талқылаулар
Новость
Өзін-өзі тану пәнінің семинары
15 қараша 2016 жылы №21 орта мектепте «Жалпы білім беру барысындағы өзін-өзі тану пәнінің интеграциялануы»
15 қараша 2016 жылы №21 орта мектепте «Жалпы білім беру барысындағы өзін-өзі тану пәнінің интеграциялануы» тақырыбында қалалық семинары өтті. «Созвучие сердец» үйірмесінің негізінде өткен семинардың мақсаты: өзін-өзі тану пәні негізінде интеграция әдісін көрсету.
Семинарға қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысты. Математика пәні мұғалімі Г.Т. Смагулова геометрия пәнінен сабақ өткізді. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған тренинг өтті. Бұл тренингте мұғалімдерге өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен қалай байланыстыруға болатыны туралы айтылды. Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен іштей және сырттай байланысын Н.И. Харькованың жетекшілігімен үшінші деңгейлік курсты өткен өзін-өзі тану пәні мұғалімі- Темирова Л.С. өз сабағында жақсы көрсете білді.










