Салалар
Талқылаулар
Новость
«Бақытты отбасы – бақытты бала !»
2016 жылдың 29 қараша күні Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен « Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында «Бақытты отбасы-бақытты бала !» тақырыбында аналар мен жасөспірім қыздар арасында тренинг ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсінігінің кеңейуіне ықпал жасау.
Іс-шара барысында «Сергіту сәті» қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы, « Сәйкестендіру» сауалнамасы, «Иісіңнен айналайын!» және «Кел, сырласайық !» атты ойын тапсырмалар ұсынылды. Ұсынылған тапсырмаларды жақсы орындап, аналар мен қыздар белсенділік танытты.
Іс-шараға мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жусупова Г.И, мектеп инспекторы Қабылбаева А.А, әлеуметтік педагог Байтукенова Э.Д, психолог Искакова А.А және Өзін –өзі тану пәні мұғалімі Аяпбергенова Н.С. қатысты. 

