Салалар
Талқылаулар
Новость
25 жұлдызды күн қарсаңында ІІД-не саяхат
28.11.2016 жылы мектеп инспекторы полиция майоры Р.К.Башенова, 9 «ә» сынып жетекшісі Г.К.Рахматулинаның ұйымдастыруымен «25- жұлдызды күн» акциясы аясында облыстық полиция бөлімінің музейіне сынып оқушылары экскурсияға барды.
Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жыл толуына байланысты жүргізіліп жатқан «25 жұлдызды күн» іс шарасына орай 9б сынып оқушылары 29.11 күні сынып жетекшісі Гүлжан Қабдөшевна және мектеп инспекторы Роза Кабдоловнаның бастауымен облысымыздың Ішкі Істер департаменті мұражайына бардық. Мұражайда оқушылар ІІД-ң тарихи кезеңдерімен танысып, экскурсия жетекшісінің әңгімесін қызыға тыңдады. Мұражайдың бір біріне ұқсамайтын төрт бөлмесі тарихи жәдігерлерге толы. Оқушылар өздерін ойландырған сұрақтарға бұрын соңды естімеген, қызықты және танымдық тәрбиелік маңызы зор мәліметтер алып қайтты.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()