Салалар
Талқылаулар
Новость
«Отан қорғаушы» атты әскери-спорттық, патриоттық жарыс өтті
2016 жылы 7 желтоқсанда «Отан қорғаушы» атты әскери-спорттық, патриоттық жарыс өтті.
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулып, олардың бойына ұлттық рух қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Әскери-патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлайды.
Өз Отанын қорғау - әр азаматтың міндеті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясының 10- сынып оқушылары арасында «Отан қорғаушы» атты әскери-спорттық, патриоттық жарыс өтті. Жарысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Тлегенов Қайрат Нұрахметұлы ұйымдастырды.
![]() |
![]() |
![]() |


