Салалар
Талқылаулар
Новость
«Жас Қыран» бірыңғай балалар ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау және «Тәуелсіздік – тірегім!» тақырыбындағы кездесу
2016 жылдың 15-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер
2016 жылдың 15-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны ұйымдастырылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбек Төлепбергенұлы алғашқылардың бірі болып сөз алып, тәуелсіздік күнімен сәйкес келген «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданғалы отырған оқушыларды құттықтады. «Тәуелсіздік-тірегім!» тақырыбында Қызыл империяның қаһарынан қаймықпай, Алматыдағы алаңға шыққан қазақ жастарының толқуының арасында болып, бәрін өз көзімен көрген қаһарман аға-әпкелеріміз «Едіге» білім беру орталығының директоры, Жазушылар Одағының мүшесі, мұқағалитанушы ақын, сазгер, желтоқсан қозғалысына қатысушы, Қазақстан Республикасы Президенті-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі бойынша Республикалық әскери патриоттық әндер конкурсының бірінші жүлдегері Ерғожа Әлғожаұлы, Қазақстан мәдениет қайраткері, композитор, лауреат, «Есіл ағады», «Тамшылар» әндерінің авторы Ахмедия Есмуханов, әнші, лауреат Құжиман Ерлан Нұртайұлы және Астана қаласы №49 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, ардақты ұстаз Жамал Тәкенқызы сынды қонақтардың қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуде қонақтар «Желтоқсан оқиғасы» туралы, ол кездегі қыз-жігіттердің аяусыз жазалануы, жала жабылуы, т.б. орын алған оқиғаны суреттеп, ел тәуелсіздігінің баянды болуы үшін бүгінгі «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылдау рәсімі кезінде ант қабылдаған оқушыларға сенім артатынын білдіріп, оқушыларға галстук пен төс белгілерін тақты.



