Салалар
Талқылаулар
Новость
«Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
10 «А» сынып оқушылары атыннан
АҚПАРАТ
16 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің таңы атқанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай 10 «А» және 7«А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өтті. Ол – өлең, ол- ән, ол- сұлулық, ол қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман - мұраттарының орындалуы, қайсар рухының жемісі.
Сондықтан тарихта өшпес ізін қалдырған мыңжылдық сынды, межелі кезеңдерді әнмен және қазақтың ұлттық музыкалық аспабтарының көмегімен еске алып, көрермендердің жүректерінде патриоттық сезім туғызды.
Кербез сұлу қыздардан құралған бишілер тобының орындаған «Қазақ» биі өзінің нәзік қимылдарымен көрермендерді қуантып, көңілдерін қуанышқа бөледі.
Тәуелсіздік тұғырым
Бір шумақ өлең жолымды "Қазақстан" деп бастадым.
Тәуелсіздік-қыран құсым аспанымда самғаған
Жақын маңда қалғып тұра қолымызға қонбаған.
Тәуелсіздік- бейбіт күнім төбемізден нұр шашқан.
Халқымызды көтерген Нұр атаммен жалғасқан
Тәуелсіздік-бостандығым аңсаған.
Азаттығым ғана бар,басқа ұғым жат маған.
Тәуелсіздік-менің асқар алыбым
25 жылда асуы жоқ алмаған.
Еңбектеп, кейін жүгіріп, өзге елден қалмаған.
Қалың жұртым үміт күтер жақыннан.
Ыстық көрем тәуелсіздік таңдарын
Ала бер халқым белестердің асқағын,
Заманнан заман аман-есен жете бер
Бір шумақ өлең жолымды "Қазақстан" деп бастадым!
Қапанов Елнұр де Батырұланның қатарынан қалмай, бізді өз өлеңдерімен қуантып отыр. Ол өлеңдерін терең сезіммен, интонациямен айтады. Елнұрдың арманы да Батырұландай өлең жинағын шығарып, мектеп және сыныбының мәртебесін жоғары көтеретініне сенімді.