Салалар
Талқылаулар
Новость
ТƏУЕЛСІЗДІГІМ - ТƏУ ЕТЕР АЛТЫН ДІҢГЕГІМ
Осы тақырыпта №74 мектеп-гимназияда 15 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.
ТƏУЕЛСІЗДІГІМ - ТƏУ ЕТЕР АЛТЫН ДІҢГЕГІМ
Осы тақырыпта №74 мектеп-гимназияда 15 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке бірнеше құрметті қонақтар, ата-аналар , ұстаздар мен оқушылар қатысты. Кеш барысында сонау тарихи кезеңдерден сахналық көрініс көрсетіліп, əн айтылып, жыр төгілді. Мектебіміздегі театр өнеріне қадам басып жүрген өнерлі оқушыларымыздың "Желтоқсан" оқиғасы туралы қойған сахналық көрінісі көрермендерді толқытып, көздеріне жас алдырды. Ерекше əсерге бөленген көпшілік орындарынан тұрып, Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды. Осы орайда оқушыларды театр өнеріне бауылып жүрген "Өнер" мектебінің жетекшісі Асылзат Каленованың еңбегі ерекше екенін айтып өткеніміз жөн деп білемін.
Кештің құрметті қонағы "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Алматы облысының Құрметті азаматы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Парасат" орденімен марапатталған қаламы қарымды жазушы, ақын, журналист - Сүлеймен Байбабайұлының өлеңдері оқылып, ұжымның сый-сияпаты жасалды. Сүлеймен аға барша қауымды мерекемен құттықтап, ұжымға , оған басшылық жасап отырған Жеңісгүл Темірханқызына дəн ризашылық сезімін білдіріп, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында білім,өнер, спорттағы жетістіктерімен қуанта жүрген ұстаздар мен оқушылардың, яғни жеңімпаздар шеруі жүріп өтті. Балаларының жеңісіне қуанған ата-аналар, ұстазының жетістігіне шаттанған оқушылар зор қошемет танытып отырды. Сондай-ақ, ата-аналар қауымының мерекелік тартуы, "Астана Ұландары" кадет сыныбы оқушыларының өнері тамашаланды. Мерекелік кеште ұжым білім ордасының басшысы Жеңігүл Темірханқызын "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталуымен құттықтап, арнау-өлең оқыды және Жеңісгүл Темірханқызы бірнеше ұстаздарға Астана қаласы Білім басқармасының, техникалық қызметкерлер мен ата-аналарға мектеп марапатын тапсырды.
Кеш соңын мұғалімдер хоры "Егеменді Қазақстан" жəне " Атамекен" əнін орындап, аяқтады.