Салалар
Талқылаулар
Новость
2016 жылы 15.12. күні 1-ші және 2-ші ауысымда «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты салтанатты саптүзеу өткізілді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
2016ж. 15.12. күні 1-ші және 2-ші ауысымда «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты салтанатты саптүзеу өткізілді.
Атыңнан айналайын, Егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кеңеле бер!
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер,- деп салтанатты сап түзеу жиынын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына арналды.
Салтанатты саптүзеудің 1 бөлімінде мектеп оқушылары би билеп, өлең айтты. Жоғарғы сынып оқушылары Отан, ел, жер туралы өлең жолдарын мәнерлеп айтып өтті.
Жиынның 2-ші бөлімінде 1-9 сыныпта оқитын оқу үздіктері, мектеп белсенділері «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылданады.
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
«Жас Ұлан» - шыншыл патриот
«Жас Ұлан» - нағыз топжарған
«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді
«Жас Ұлан» - жауапты азамат
«Жас Ұлан» - сенімді дос, «Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан».


Мерекелік саптүзеуден кейін жоғарғы Фарида Ахатқызы, Кулхан Кеңесқызының ұйымдастыруымен 7, 10 сынып оқушылары арасында жиын залында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Мерекелік концерт өте жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсете білді, бірі өлең айтып аспаптарда ойнаса, бірі би биледі.


Осы кеште оқу озаты Даньяров Батырұлан мен Қапанов Елнұрадың Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына арналып шығарған өлең жолдары да оқылды. Даньяров Батырұланның шығарған өлеңдерін кітапша етіп шығарып, тұсауы кесілді. Батырұланға шығармашылақ табыс тілейміз
2016ж. 15.12. күні сыныптарда «Тәуелсіздігім деп соғады жүрегім» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Мектебіміздің 1-ші қабатында және сыныптарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында көрме-бұрышы ұйымдыстырылды.