Салалар
Талқылаулар
Новость
«Тәуелсіздіктің ақ таңы » атты мерекелік шара өтті
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған қалалық, мектепішілік мерекелік шаралар өтті
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған қалалық, мектепішілік мерекелік шаралар өтті. Сол іс-шараларға №4 мектеп-гимназиясының оқушылар және ұстаздары өте зор жауапкершілікпен қарап өз үлестерін қоса білді. Осыған байланысты «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты қорытынды мерекелік концерт өтті. Мектеп жанындағы театр үйірмесінің оқушыларының тарихи қойылымнан басталған іс- шара мектебіміздің директоры Сыздықова Базаркүл Сағындыққызының мерекелік құттықтауымен жалғасты. Мектеп басшысы «Мәңгілік Ел» ұрпақтарына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан ұжымды мерекемен құттықтады. Мерекеге орай бірқатар ұстаздардың айтулы еңбектері еленіп, «Халық мұғалімі», «Білім көшбасшысы», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Астана қаласы білім басқармасының басшысының мадақтамасымен марапатталды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы марапаттан тәуелсіздік құрдастары да шет қалмады. Мектеп директорының мадақтамасымен мектебіміздің бірнеше белсенді жас мамандары марапатталды. Жиын, мектебіміздің өнерлі өрендерінің мерекелік концертіне ұласты.