Салалар
Талқылаулар
Новость
Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы
Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды.

2016 жылдың 14 желтоқсан күні Қалалық классикалық гимназияның қабырғасында 86 оқушы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылданды.
Аталған іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған болатын. Қатардығы жасұландықтар болашақ Жас Ұлан мүшелеріне Жас Ұлан ұйымының қоғамдағы беделі мен ерекшелігі туралы ақпарат берді.
Көк галстук және төсбелгі таққан бүлдіршіндерді гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Елубай және ата-аналар атынан Дәурен Аймаков құттықтады.

Жолын ашық болсын, Жас Ұлан