Салалар
Талқылаулар
Новость
«Ұлы ғалымның естелігіне»
Александр Сергеевич Пушкин – орыс халқының ұлы ақыны, орыс әдебиетінің негізін салушы. Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық,адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолында өткен. Бүгін міне ғұлама ғалымның ортамыздан өткеніне 180 жыл толуына орай сабақтан тыс 10 «Д»сынып оқушыларымен «Ұлы ғалымның естелігіне» атты сабақтан тыс оқырмандар клубының Т.А. Кенесбаевна мен Р.З.Тажбаев ұйымдастырған ашық отырысы өтті.
Александр Сергеевич Пушкин – орыс халқының ұлы ақыны, орыс әдебиетінің негізін салушы. Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық,адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолында өткен. Бүгін міне ғұлама ғалымның ортамыздан өткеніне 180 жыл толуына орай сабақтан тыс 10 «Д»сынып оқушыларымен «Ұлы ғалымның естелігіне» атты сабақтан тыс оқырмандар клубының Т.А. Кенесбаевна мен Р.З.Тажбаев ұйымдастырған ашық отырысы өтті. Отырыста сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білген ғұлама ғалымның әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік бергені жайлы оқушылар толық мәлімет берді. Пушкин әдебиетті жаңа мазмұн, тақырып идеяларымен байытып қана қоймаған, сонымен бірге ол әдебиеттегі өмірді суреттеу әдісін де, бейнелеу тәсілін де өзгертіп, түрлендіргені жайлы оқушылар толық хабардар екеіне куа болдық. Отырысқа директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары А.М.Момынкулова, орыс тілі мен әдебиет мамандары А.Б. Иманалиева, А.К.Нугманова, қазақ тілі мен әдебиет пәні маманы А.А.Магзумова қатысты. Отырыс өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Осындай игі істер жалғасын таба берері сөзсіз.
