Салалар
Талқылаулар
Новость
"Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі
Қаңтардың жиырма бірінші жұлдызы 59 мектеп-лицей үшін маңызды күн болды. Мектептің "Арлан" әкелер кеңесі қалалық "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі мен мектеп директоры бастауымен өз жұмысын жандандырды.
Қаңтардың жиырма бірінші жұлдызы 59 мектеп-лицей үшін маңызды күн болды. Мектептің "Арлан" әкелер кеңесі қалалық "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі мен мектеп директоры бастауымен өз жұмысын жандандырды. Дөңгелек үстел түрінде өткен отырыста қоғамдағы әке тәрбиесінің маңыздылығы қызу талқыланып, бірлестік төрағасы сайланды. Көпшіліктің ұсынысымен Шералиев Берик Туранкулович (тел. 8 777 071 30 10) кеңес жұмысын жалғастыруға уәде етті. Сондай ақ кеңестің ережесі бекітіліп, келесі отырыстар жоспарланды. Мектеп директоры ата-аналар төрағасын мектеп өміріне белсене қатысқаны үшін марапаттады. "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі төрайымы Джуматаев Қуанышқа да отырысты ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.





