Салалар
Талқылаулар
Новость
Республикалық олимпиаданың ІІI (қалалық) кезеңінің қорытындысы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиаданың ІІI (қалалық) кезеңіне 28 оқушы жолдама алып, 19 оқушы жүлделі орынға ие болды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңінде табандылықпен көзге түсіп, жүлделі орын иеленіп, Республикалық олимпиаданың ІІI (қалалық) кезеңіне 28 оқушы жолдама алды.
Жалпы 19 оқушы жүлделі орынмен мектебіміздің туын көкке желбіретті.
Соның ішінде қалалық олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушысы бақ сынап, Алимжанова Толғанай II орын иесі атанды. Дәл сондай дипломмен 11 сынып оқушысы Смаханов Яссауи марапатталды.
Қазақстан тарихы пәні бойынша 9 сынып оқушысы Ауелбеков Бекзат және де 11 сынып оқушысы Батырбекова Әдеми III орынды қанжығасына байлады.
Химия пәні бойынша 10 сынып оқушысы Жағыпарова Әлия III орын иеленді.
Мектебіміз шетел тілдерінен де алдына жан салмайтынын дәлелдеп, қаламыздың басқа да білім ошақтарынан оза шауып алдыңғы қатардан көрінді.
Француз тілі бойынша 9 сынып оқушылары Тутинбаева Мадина, Сайлауханова Айғаным II орын, ал Серікбай Гауһар III орын, 11 сынып оқушылары Нурпеисова Даяна, Оразгалиева Саида да III орынмен марапатталды.
Неміс тілі мен ағылшын пәндері бойынша 9 сынып оқушылары Байбусинова Камила, Байкенова Жазира III орынмен мектебіміздің абыройын асқақтатып оралды. Ал, қалған 7 оқушымыз: Кумарова Айнара, Алпамыс Фариза, Муратбеков Жасұлан, Сейдазимов Үсен, Сейдазимов Асан, Абишева Аружан, Нұрғазы Бекзат өз пәндері бойынша тәуекел етіп, арнайы дипломдарды қанағат тұтты.
Бұл әрине мектеп ұстаздары мен әкімшіліктің арқасы. Біздің жеңісіміз олардың жұмысының жемісі. Оған дәлел жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезенінің марапаттау рәсімінде мектеп директоры Сыздықова Базаркүл Сағындыққызына олимпиада қорытындысы бойынша «үздік нәтиже үшін» ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Міне, қазіргі уақытқа дейін осындай оқушыларымыздың арқасында мектебіміз биік белестерді бағындырып, асулардан асып келеді. Еліне елеулі, халқына қалаулы, білімді ұрпақ қана еліміздің еңсесін тік көтеріп, жаһандануына өз үлесін қосуда. Осы жолда еткен еңбегі мен төккен терін бағалап, біздің мектепті алғашқы орындармен марапаттады.
![]() |
![]() |
![]() |


