Салалар
Талқылаулар
Новость
Холокост құрбандарын еске алу кеші
Ағылшын тілінің сөзі «Холокост» иврит тілінен «Шоа» деген сөзді берсе, «апат» деген мағынаны білдіреді. Холокост еврей алқы үшін ғана емес, барлық адамзат үшін үлкен қайғы болды. Сондықтан, сол күннің құрбандарын еске алу мен оларға құрмет көрсету бізді үлкен жауапкершілікке тартады. Бұл еске алуды жоғалтпауымыз керек, себебі ол қайтадан өткен қателерге әкелуі мүмкін. Сондықтан 2009 жылдан №6 гимназияда Холокост құрбандарын еске алу күні дәстүрге айналды. Іс – шарада сөз сөйлеген Израиль мемлекетінің Төтенше мен Өкілетті елшісі Ариэль Браверман мырза: «Бүкіл әлем Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында нацисттердің қолынан құрбан болған 6 млн еврей туралы еске түсіреді. Аушвиц, Майданек, Треблинка, Бельзен және Собибор, Бабий Яр және басқа да лагерьлер - жаппай адамдарды жоюдың орталықтары болған. Бұл жан түршігерлік қылмысты ешқашан қайталамау үшін, адамдар осыны есте сақтап, немқұрайлылықпен қарамауға тиісті»- деп айтты. Іс – шара барысында «Ана», «13 миллион», «Құрмет жұлдыздары» монологтар оқылды. Тутаева С.Б. жетекшілігімен хор «Соғысты болдырмаңдар», «Соғыссыз өмір», «Өмір сүру» шығармаларын орындады. Оқушылар театр студиясы «20 миллион» этюд-миниатюраларын көрсетті. Іс – шарада сонымен бірге «Астана Дарыны» ӨҒПО директоры М.Ж.Құрманбаева және директордың орынбасары Г.У.Мырзалиева, Білім басқармасының пресс хатшысы Ботагөз Омар, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының директоры В.В.Моторин мен гимназияның оқушылары және ұстаздары қатысты.