Салалар
Талқылаулар
Новость
Дуальды оқыту жүйесі – мамандар даярлаудағы функционалды білім мен кәсіби құзыреттілік кепілі
Біздің оқу орнымызда «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қаламыздағы ірі қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.
Біздің оқу орнымызда «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қаламыздағы ірі қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.
Осы орайда 2017 жылдың 27 қаңтары күні колледжіміздің әлеуметтік серіктестерінің басын қосқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы істі дамыту, әлеуметтік серіктестермен бірлесе жұмыс жасаудың формалары мен колледж түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру бойынша мәселелері талқыланды.
Бөлім оқытушылары Нуржауова Н.М., Касенова Г.С., Холова Л.Д. аталған сұрақтар бойынша баяндама жасады.
Астана қаласында орналасқан «Мол Дастархан», «Жеті аспан», «Royal M» ЖШС-нің өкілдері Маухаева К.З., Алькенова Ж.Б., Раметуллаева А.Ж. қарастырылған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта тығыз жұмыс жасау жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел барысында келешекте бірлесе жұмыс жасау жөнінде ұсыныстар қарастырылып қорытындыланды.