Салалар
Талқылаулар
Новость
«Критериалды бағалау- оқушы құзыреттілігінің басты кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
«Критериалды бағалау- оқушы құзыреттілігінің басты кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Мектеп-лицей бойынша критериалды бағалау бойынша үйлестіруші координатор директордың оқу ісі орынбасары Жадыра Буйтагалиевна сөз алды. Алдымен өз сөзінде ата-аналардан «оқуды бағалау», «оқыту үшін бағалау» осы екі сөздің айырмашылығын сұрады. Ата-аналар өз ойларын білдірді. Слайд арқылы критериалды бағалау деген ? Оның түрлері- қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау туралы, олардың айырмашылығы туралы түсіндірді. Жаңа білім мазмұнының өзгеруіне байланысты 1-сынып оқушылары осы бағалау түріне көшті. Математика пәні бойынша І тарауды аяқтап, сол бойынша алғашқы жиынтық бағалау алынды. Нәтиже жақсы. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін игере алады. Әр сынып өз кабинеттерінде осы жиынтық бағалауды қалай жазды, қандай ұсыныстар бар соның нақты шешімдерін талқылайтынын айтты.
«Критериалды бағалау- оқушы құзыреттілігінің басты кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп-лицей бойынша критериалды бағалау бойынша үйлестіруші координатор директордың оқу ісі орынбасары Жадыра Буйтагалиевна сөз алды. Алдымен өз сөзінде ата-аналардан «оқуды бағалау», «оқыту үшін бағалау» осы екі сөздің айырмашылығын сұрады. Ата-аналар өз ойларын білдірді. Слайд арқылы критериалды бағалау деген ? Оның түрлері- қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау туралы, олардың айырмашылығы туралы түсіндірді. Жаңа білім мазмұнының өзгеруіне байланысты 1-сынып оқушылары осы бағалау түріне көшті. Математика пәні бойынша І тарауды аяқтап, сол бойынша алғашқы жиынтық бағалау алынды. Нәтиже жақсы. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін игере алады. Әр сынып өз кабинеттерінде осы жиынтық бағалауды қалай жазды, қандай ұсыныстар бар соның нақты шешімдерін талқылайтынын айтты.
2-сұрақ бойынша бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Сейдуалықызы акт залына кірген кезде ата-аналарға әр түрлі стикерлер таратылғанын айтты. Сол ата-аналар ортаға шығып, «Шаттық» шеңберін жасап, одан соң рет санымен саналып, 3 партаға шардың түстері арқылы бөлінді. Әр топқа тапсырмалар берілді. І топқа- «Саяхат» тақырыбына мәтін құрастыру, ІІ топқа «Саяхат» сөзінің оң, теріс жақтарын табу, ІІІ топқа «Саяхат» тақырыбына сурет салу. Көрермен ата-аналарды да екі топқа бөліп, мәтін бойынша бірінші топ- мазмұнын айтады, екінші топ мәтін бойынша сұрақтар қояды. Одан кейін мұғалім ата-аналарды тыңдаған соң, оларға «Жарайсыздар!», «Міне, тамаша!» деген сөздер арқылы қалыптастырушы бағалау түрін көрсетті. Ортадағы 3 топтың тапсырмаларын жеке-жеке тыңдап, оларға слайд арқылы жиынтық бағалау түрін қойдыртты. Ата-аналар оқушылар ролінде отырып, өздері арқылы жұмыс жасап, критериалды бағалау түрін түсініп алды. Электронды журнал толтыру, бағалау ерекшеліктері туралы да толығырақ түсіндірді.
| |
|
| |
|