Салалар
Талқылаулар
Новость
Орыс поэтессасы М.Цветаеваның 125 жылдығы
Қантар айының 27 жұлдызы мектепшілік орыс тілі апталығының аясында ақын Марина Ивановна Цветаеваның дүние есігін ашқан күннің 125 жылдығы аталып өтті.
Қантар айының 27 жұлдызы мектепшілік орыс тілі апталығының аясында орыс әдебиетінің жарық жұлдызы, ерекше жан тебірентер туындыларымен көркем сөз көкжиегін бағындырған тамаша ақын Марина Ивановна Цветаеваның дүние есігін ашқан күннің 125 жылдығы аталып өтті. Кеш әдеби-музыкалық композиция стильнде болды. Аталмыш шараға жауапты ұстаз Саулембаева Б.С., ал шараға қатысушылар 10-сынып оқушылары: Айтуғанова Нәрғыз, Сейілбеков Фархад, Жылқыбаева Аружан, Абишева Аяна, Кенжебулатов Асанәлі өз өнерлерін көрсетті. Аталмыш шарада ақынның өмірбаяны, шығармашылығы,жеке өмірі, жетістігі жайлы көптеген мәлімет берілді. Шығармалылық кеш «Мой милый и ласковый зверь» кинофильміне арнайы М.Цветаеваның сөзіне жазылған әнге музыкалық композициямен аяқталды.
Жалпы кеш жанға ерекше әсер берген,жүрекке жылу сыйлаған сәттері көп, поэзия әлемінің тұңғиығына сапар кешкен саяхат болды. Қазақ мектебінде шәкірттердің орыс тілінде шығармалар оқып, оны көркем көрермен жеткізіп айтып шығу мақтау тұрарлық ерекшелік деп білеміз. Осындай өнерімізбен танылып, тәжірбиемізід шындасақ алар асуымыз әлі алда.