Салалар
Талқылаулар
Новость
Зейнеткерлікке шықты
Бүгін мектебіміздің салтанат залында ұлағатты ұстаз, математика пәнінің мұғалімі Махметова Қарлығаш Бейсембекқызын зейнеткерлікке шығарып салу кеші өтті. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлықтар табыстады.