Салалар
Талқылаулар
Новость
«Қамқорлық» акциясы аясында жүргізілген жұмыстар есебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардыңқұқықтарын қорғау комитетінің 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 18-3/5 жолдаған хатына сәйкес мектебімізде «Қамқорлық» акциясын өткізу мақсатында арнайы бұйрық шығарылып, жоспар жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілуде. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпараттық стенд дайындалды. Стендте акцияға қатысты халықты ақпараттандыру мақсатында мәліметтер ілінді. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу аясында қайырымдылық көрсетуге мектеп сайтына үндеу хат жіберіліп, демеушілер ұйымдастырылды. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ата-аналар, мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың қатысуымен өткізілуде. Ұстаздар ұжымы тарапынан мектепке қарасты шағын мөлтек аудан бойынша 0-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу, оқумен қамтылған балалар мен жасөспірімдерді анықтау рейдтері, аулаларды, пәтерлерді аралау жұмыстарының қорытындысы бойынша мәліметтер жиналды.
Мектеп оқушыларының қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 5«Ә», 6 «Г»,9 «В», 8 «В» сыныбында «Қайырымды болу — өз мәртебең» «Мейірімділік – асыл қасиет» «Жақсы сөз – жанға қуат» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді. Абилова Алима Ораловна, Ескендирова Айбарша Акылбековна, Баязитова Гульмира Сагинтаевна, Аскербек Айгуль,Темиргалиева Меруерт Мутановна тәрбие сағаттарын сыныпқа жағымды психологиялық ахуал туғызудан бастап, балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық», құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірді. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы кезінде ата-аналар, оқушылар және мұғалімдердің тарапынан демеушілік нәтижесінде жиналған оқу – құралдары, сыйлықтар көпбалалы отбасынан шықан 10 оқушыға шынайы ниетпен табыс етілді. Мектеп әкімшілігі, ұстаздары және оқушыларының ұйымдастыру бойынша 7 мүгедек баланың отбасына 120000/ жүз жиырма мың/ тенге көлеміндегі ақшаға материалдық көмек көрсетілді. Осындай игі шаралар мектебімізде алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

«Қайырымды болу — өз мәртебең»