Салалар
Талқылаулар
Новость
ОЛИМП ШЫҢЫНА ШЫҚҚАНДАР
Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 23.01.2017ж. күні Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңдері мен қалалық ғылыми жобалар сайсыстарының жеңімпаздарын марапаттау жиыны болып өтті.
Жиынға «Зерде» мектебі оқушылары, мұғалімдері және мектеп әкімшілігі түгел қатысты.
Жиын төріне 12-17.01.2017ж. күні Алматы қаласында өткен XIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының Қола медаль жеңімпазы Мейрам Серікболсын мен жетекшісі «Олимп шыңына жетелеуші» атағының иегері Тердікбай Күшай ағайды шақырып, мектеп директорының міндетін атқарушы Байулова Гүлназия Сабырқызы марапаттады.

Мейрам Серікболсын Жәутіков олимпиадасының жеңімпазы болып қана қоймай Қазақстан Республикасының 4 озық жоғары оқу орнының грантын жеңіп алды. Атап айтқанда,
- Қазақ-Британ техникалық университеті
- Халықаралық IT университеті
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
- Әлем университеттерімен иық теңестіріп тұрған Назарбаев университетіне жолдама алды.

Марапаттау жиынының бірінші кезеңі қалалық олимпиада жеңімпаздарын марпаттау. Биылығы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 63 оқушы қатысып, 38-і (23 орын және 15 грамота) жүлделі орынға ие болды.

Республикалық олимпиадада 10 оқушы мектеп намысын қорғап, Астана қаласы абыройын асқақтатпақ.

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі бойынша Астана қаласы мектептері арасында командалық есепте жүлделі II орынды жеңіп алды.

Аудандық олимпиада. Аудандық олимпиадаға мектебімізден 39 оқушы қатысып, II турға 35 оқушы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша мектеп оқушылары 26 орын 4 грамота иеленді.

2016-2017 оқу жылында 1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысына 12 жоба ұсынылып, оның 6-ы қалалық кезеңге өтіп, өз жобаларын қорғап шықты. Нәтижесінде 6 қатысушымыз да жүлделі орындар иеленіп қайтты. Республикалық ғылыми жобалар конкурсына 2 жоба жолдама алды.
Қалалық ғылыми жобалар сайысы. Мектебімізден оқу жылы басында 38 жоба ұсынылып, оның 19-ы қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезеңнен оқушыларымыз жобаларын қорғап 13 жоба орын иеленіп, 3 жоба Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық ғылыми жобалар сайысына өту үшін тапсырған тесттен 5 жоба өтіп, көктемде Алматыда өтетін Республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысады.