Салалар
Талқылаулар
Новость
Елбасы жолдауы талқыланды
Мектебіміздің салтанат залында кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті. Жиналыстың басты мақсаты: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген тақырыптағы ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауын талқылау. Мектеп директоры Шәріпхан Қажытайұлы алғашқы сөзді өзі алды. Саяси мәні маңызды болған, бірқатар мәселелердің басын ашқан елбасы сөздерін тарата талқылап, жолдауға сәйкес жоспар құрып, соның негізінде жұмыс істеу керек деп баяндамасын аяқтады.