Салалар
Талқылаулар
Новость
Франциядан келген оқушыларды қабылдау!
2017 жылдың 14 қаңтарынан 21 қаңтары аралығында №17 мектеп-гимназиясы Франциядан келген 20 оқушы мен 4 жетекшісін қонақ ретінде қабылдады. Оқушылар қазақ отбасыларының үйінде тұрды. Оқу күнінің бірінші жартысында оқушылар мектепте орыс тілі сабағы мен Қазақстан тарихы сабағында қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты, қазақ тілін үйреніп, әртүрлі қызықты спорттық іс-шараларға қатысты.
2017 жылдың 14 қаңтарынан 21 қаңтары аралығында №17 мектеп-гимназиясы Франциядан келген 20 оқушы мен 4 жетекшісін қонақ ретінде қабылдады. Оқушылар қазақ отбасыларының үйінде тұрды. Оқу күнінің бірінші жартысында оқушылар мектепте орыс тілі сабағы мен Қазақстан тарихы сабағында қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты, қазақ тілін үйреніп, әртүрлі қызықты спорттық іс-шараларға қатысты. Францияның «Сен-Сир» лицейімен алда ынтымақтастық іс-шараларын жүргізу туралы №17 мектеп-гимназиясымен 2017 жылдың 19 қаңтарында келісімшарт жасады.
Француз лицейінің оқушылары орыс тілі мен қазақ тілі сабақтарын қызықты, әрі бір-бірін түсініп өз ойларын жеткізу мақсаттарына жеткені туралы айтты. Сабақтар өзара сөйлесу арқылы топпен жұмыс түрінде өткізілгендіктен сөйлеу тілді игеруге, диалог құруға көмегін тигізді. Ойын, сахналандыру арқылы француздардың актерлік қабілеттері анықталды. Аты аңызға айналған «Нормандия-Неман» эскадрилінің 75 жылдығына орай ұйымдастырған мюзиклге француз оқушылары ішінен талантты актерлері қатысты. Осыған байланысты мектеп мұражайында экспозиция ашылды.