Салалар
Талқылаулар
Новость
Дамыту семинарлары
4-6 қаңтар аралығында мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасының семинары болып өтті.
Жобаның мақсаты: ашық қоғам азаматын қалыптастыру.
Мiндеттерi:
- қоғамымыздың азаматтарын қалыптастыратын ұстаздар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мүшелерiне жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесу;
- ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға(студентке) бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуына жол көрсету;
- сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзу ;
- RWCT жобасының барлық философиясын ұстаздар санасына сiңiру, әдіс-тәсілдерінің психологиялық ерекшелiктерiн түсiнуге көмектесу;
- алынған нәтижелердi оқушылармен бiрге сараптайтын ұстаздар қауымына көмек беру;
- тек сабақ процесiнде ғана емес, қоғамдық ұйымда, сабақтан тыс уақытта, сыныптан тыс жұмыстарда да нәтижеге жете алатынын бiлу;
- ауыл мұғалiмдерiнiң “Сыни ойды дамыту” қоғамдық бiрлестiгiнiң мүшесi болуды ұйымдастыруына ой салу, облыс, одан кейiн Қазақстандық оқырмандар ассоциациясына мүше болу, сонымен бірге, Дүниежүзiлiк оқырмандар ассоциациясына мүше болуға ықпал ету;
- сол арқылы Қоғамдық Бiрлестiктiң облыстық, республикалық, дүниежүзiлiк конференцияларына қатысу мүмкiндiгiн туғызу;
- RWCT жобасының философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасау.
«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы – американдық ғалымдар Женни А.Стилл, Куртис С.Меридит, Чарльз Темплдердiң ресейлiк ғалым Л.С.Выготский, американдық ғалым Д.Дьюи,швейцариялық ғалым Ж.Пиаженің теориясын негізге ала отырып жасаған жобасы. Бұл жоба әлемнiң 52 елiнде жүзеге асуда. ЮНЕСКО-ның зерттеуі бойынша әлемдегі үздік 25 технологияның қатарына RWCT жобасы да енді. Бүгiнгi күнi жобаны республика аймағында ендiрумен 65 тренер айналысуда, 2880 мүғалiм өз сабақтарын RWCT әдiстерiне сай құруда.
Астана қаласында да көптеген ұстаздар сертификат алып, мектеп және ЖОО сабақ беруде. Соның ішінде қала бойынша 200-ден аса адам ҚазОА мүшелері. Осы шығармашылық топқа кірген ұстаздар кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыра отырып, зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Зерттеу жұмыстарының қорытындысында республика ұстаздары «Кәсіби даму мектебі» сериясы бойынша 17 кітап шығарды. Республикалық деңгейдегі «Дауыс пен Көрініс» әдістемелік журналы үздіксіз шығуда. Ассоциация мүшелері үшін бұл журнал тегін беріледі. Ассоциация мүшелері жобаның мақсатын жүзеге асыруға атсалысады.




