Салалар
Талқылаулар
Новость
Тәжірибедегі рефлексия
«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы..
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің (бұдан әрі – мектеп тренерлері) әлеуетін пайдалану қарастырылған.
Осы мақсатта «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірледі.
Бағдарлама материалдарымен танысу барысында мұғалімдер кәсіби даму бағдарламасына негіз болған әдіс-тәсілдерді қарастырып, әріптестерімен ынтымақтаса отырып, оларды талқылайды.
Тәжірибе жүзінде іске асыру және жоспарлау барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру , идеялармен алмасу , мектеп тренері тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып , анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін , игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді . ( Мұғалімге арналған нұсқаулық, 80- бет)





