Салалар
Талқылаулар
Новость
Сазгер Дүкенбай Назымбек Сәбитұлымен кездесу
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің профессоры, композитор Дүкенбай Назымбек Сәбитұлы қазақ тілінде жас бүлдіршіндерге арнап ән жазатын композиторлардың қатарынан. Өнер майталманымен кездесу 24 қаңтар күні біздің мектеп щәкірттеріне бұйырған екен. Композитормен кездесуге 9-10 сынып оқушылар мүмкіндік алды.
Елімізде мектеп оқушыларына арнап ән жазатын композиторлар саусақпен санарлық. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің профессоры, композитор Назымбек Дүкенбай сол санаулылардың қатарынан. Өнер майталманымен кездесу 24 қаңтар күні біздің мектепке бұйырған екен. Композитормен кездесуге 9-10 сынып оқушылар мүмкіндік алды. Назымбек мырза бүгінгі күннің нағыз қаһарманы. Осы уақыт аралығында ол 20-дан астам оқулық, оқу-құрал жинақтардың және 16 ғылыми мақаланың авторы, 350 астам әннің композиторы болып үлгерді. Солардың ішінде 170 астам туындысы балаларға арналған.
Мектеп оқушылары композитордың шығармашылығымен,жазған еңбектерімен таныс болды. Тіпті бірнеше сиясы кеппеген жаңа туындыларын бірінші болып тыңдау бақыты бұйырды. Көптеген оқушылар кездесу кешінен алдынғы толқын ағалардан өнеге алды деген сенімдеміз. Балаларға арнап қазақ әндерін жазатын дара тұлға, елі үшін еңбек еткен азамат біз үшін нағыз патриотизмнің жаңа үлгісі болды. Кеш соны М.Мақатаев сөзіне жазылған «Ана» әнің біздің мектепке тарту етті.