Салалар
Талқылаулар
Новость
Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің бала психологиясына әсері
«Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің бала психологиясына әсері» тақырыбындағы ата-аналарға арналған семинар-тренинг
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі отбасының үйлесімді дамуына қолдау көрсету.
Мектеп психологы М.Е. Дүкенбаева жиналысты бастап, ата-аналарға ситуациялық сұрақтар берді. Сұрақтар төмендегідей:
-
Ашу үстінде балаңыз сізге қатты сөйлесе...
- Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
- Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
- Балаңыз түнімен интернетте отырып, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, мектепке бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
- Балаңыздың жетістігін қалай мақтайсыз?
- Қателігін түсіндіру үшін әңгімені қалай бастайсыз?
Ата-аналар белсенді қатысып, жағдаяттарды ортаға салып, талданды.
Сонымен қатар, ата-аналарға отбасылық тәрбиенің түрлері туралы кеңестер беріліп, олардың нәтижесі қандай болатыны туралы ақпарат берілді. (слайд)
Сонымен қатар ата-аналарға жаднама таратылды. Жаднама мазмұны төмендегідей:
Жасөспірімдермен қарым-қатынас жасаудың тиімді ережелері
Ереже 1
Егер сіз ескерту жасағыңыз келсе, ең алдымен ол балаңыздың жақсы жақтарын шынайы мадақтаудан бастаңыз, содан соң сын айтыңыз .
Ереже 2
Өзіңізге өшпенділік тудырмай қалай сынға алуға болады, яғни қателігін тікелей емес жанама түрде көрсетіңіз
Ереже 3
Балаңыздың қателігін бірден басып айтпастан, өз қателіктеріңізді еске түсіріп, айтыңыз
Ереже 4
Бұйырып айтқанды ешкім ұнатпайды. Сондықтан тікелей бұйрық беруден гөрі, сұрақ қойып, кеңес беру арқылы орындатқаныңыз жөн.
Ереже 5
Балаңыз өз беделін сақтап қалуға мүмкіндік беріңіз
Ереже 6
Үлкен жетістіктерді көздеуге шабыт берудің бірі – балаңыздың кішкентай жетістіктеріне дейін бағалап, шынайы мадақтаңыз.
Ереже 7
Адамдарға жақсы репутация жасаңыз, әр адам оны ақтауға тырысады, талпынады.
Ереже 8
Мадақтай отырып, сіздің байқаған қателіктеріңізді оңай түзете алуға болады деген әсерді қалыптастырыңыз. Сіздің қойған талаптарыңызды орындау қиын болып көрінбейтіндей болу керек.
«Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді»
Егер:
- баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;
- баланы мұқата берсе, ол тұйық болуды үйренеді;
- баланы мақтаса, ол игілікті болып үйренеді;
- баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді;
- баланы жазғыра берсе, ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді;
- бала шыдамдылықта өссе, басқаларды түсінуге тырысып үйренеді;
- бала адалдықта өссе, әділетті болуға үйренеді;
- бала қауыпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;
- бала қастастықта өссе, басқыншыл болып үйренеді;
- бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе, ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді.
Сондай-ақ отбасылық тәрбиенің мәні туралы видео-роликтер көрсетіліп, талқыланды. Нәтижесінде жеке кеңестерге келуге ұсыныстар білдірді
