Салалар
Талқылаулар
Новость
Бүгін, желтоқсанның 5-і күні мектебімізде қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі басталды.
Бүгін, желтоқсанның 5-і күні мектебімізде қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі басталды. Он күнге жоспарланған іс- шара 2023-2024 оқу жылындағы атаулы күндерге байланысты құрылды. Мысалы, "Ясауи тағылымы" күнінде Ясауи хикметтерінің мазмұндық ерекшеліктері" тақырыбында оқушылар конференциясы, викториналық ойындар,
" Төле би - қара қылды қақ жарған әділ би" күніне 9-11 сынып оқушылары арасында өтетін дөңгелек үстел, осылай әр күн өз мазмұнымен ерекшеленбекші. Келесі аптаға жоспарланған мектепішілік Мағжан оқуларына да дайындық басталып кетті. " Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша мұғалімдер Ж. Аймауытовтың "Әнші" әңгімесін оқыса, оқушылар М.Ж. Көпеев шығармашылығы бойынша ой бөліспек. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!