Салалар
Талқылаулар
Новость
6 желтоқсан күні қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің жоспарына сай 5 "б" сыныбымен тарих пәні мұғалімі Мурзахметова Гуля Амангельдиновна дүниежүзі тарихынан "Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті" тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.
6 желтоқсан күні қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің жоспарына сай 5 "б" сыныбымен тарих пәні мұғалімі Мурзахметова Гуля Амангельдиновна дүниежүзі тарихынан "Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті" тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Сабақ "Action Research", яғни іс-әрекетті зерттеу бойынша өткізілді. Пән мұғалімі оқушылардың факт арқылы дәлел келтіре алмайтындығын зерттеу мәселесі етіп алып, ПОПС формуласы арқылы тапсырмалармен жұмыс жасатты. Оқушылар топта картамен жұмыс жасады, интерактивті тақтада сәйкестендіру тапсырмаларын орындады. Сабаққа рефлексия жасалып, оқушылар оқу мақсатына қол жеткізгені, қол жеткізбегеніне қатысты "Рефлексивті нысана" әдісі қолданылды. Сабақты бақылаушылар "А", "В", "С" деңгейінде отырған оқушыларды зерттеп, іс- әрекеттерін бағалай білді.