Салалар
Талқылаулар
Новость
Ағымдағы жылдың 6-8 желтоқсан аралығында ауданымызда облыстық Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бастамасымен «4,9-сынып оқушыларының білім сапасын бақылау және мониторингілеу жүйесі» тақырыбы аясында 3 күндік онлайн форматта семинар өтті.

Семинарға Айыртау ауданынан 7 мектеп, Ғ.Мүсірепов ауданынан 6 мектеп, Шал ақын ауданынан 5 мектеп барлығы 18 мектеп қатысты. Аталған семинарға ауданымыздан 5 спикер (Букенов Е.Ж., Нурмухамбетова Г.К., Байтенова А.Н., Султангалиева Г.Т., Дикун Ж.Н.) мен 44 мұғалім өз тәжірибелерімен бөлісті.

Аудан мектептерінде білім сапасын бақылау және мониторинг жұмысын жүзеге асыру бойынша жауапты аудандық білім бөлімінің әдіскері Дюсенова Б.К. семинардың жүргізілуі мен мектептердің уақыттылы қатысуын қадағалап, семинарға қатысқан барлық мектептермен кері байланыс қорытынды есебін жинады.
Семинардың мақсаты: білім алушыларды ББЖМ -ға қатысуға дайындау аспектісінде білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Семинардың міндеттері:
- ББЖМ мазмұны мен құрылымын қарастыру;
- ББЖМ сүйемелдеу құралдарын талдау;
- оқу сауаттылығының/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылықтың мәні мен мазмұнын ашу;
-4 және 9 сынып оқушыларының оқу сауаттылығын/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылығын дамытудың тиімді тетіктерін анықтау.
Семинар барысында СҚО бойынша "Өрлеу " біліктілікті арттыру институтының білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Ахметова А. Е. «ББЖМ тұжырымдамасы: формат, мазмұн, құрылым және ережелер (сабақ форматы: семинар) ББЖМ сүйемелдеу құралдары. ББЖМ қорытындыларына контекстік факторлардың әсері» тақырыбында 2023 жылы өткізілген ББЖМ қорытындыларына талдау жасалып, мұғалімдерді секцияларға бөлді.
«Оқу сауаттылығының/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылықтың мәні мен мазмұны» және «Оқу сауаттылығы/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылық шеңберінде тапсырмаларды орындау бойынша оқушылардың қиындықтарын талдау» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бастауыш сынып, математика, қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі, география, физика, химия, биология пәндері бойынша әрбір пән мұғалімдері өз іс тәжірибиелерімен бөлісті, жаңа тақырыпты игерту барысында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді таныстырып, тиімділігін көрсетті. Семинар өте ауқымды дәрежеде болды. Педагогтар өте жаңашыл әдіс тәсілдермен бөлісті. ” Jamboard”, “ Wordwall”, платформасында өткізілген ойын түріндегі тапсырмалар жинағы, контекстлер арқылы тест тапсырмаларын құрастыру әдістерін ұсынды.
Семинар барысында ББЖМ тапсырмаларына талдау жасалынды, дайындық барысында тапсырмалардың күрделігін, құрылымын нақты білмесе, ББЖМ өткеннен кейін тапсырмалардың қандай деңгейде болатынын түсінгендігін, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды қайта қарастырып, оқушыларға берілетін тапсырмаларды қайта қарау керек деген тұжырым жасалды. Оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында «қиын» тақырыптарды анықталды. Мектептерде ББЖМ тапсырмағанмен, дәл қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан мұғалімдер үшін жұмыс барысында көптеген ақпараттар алды.
Әр пән мұғалімі жұмысымда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға назар аударып, көптеген мұғалімдер іс-тәжірибиемде пайдаланады деген қорытындыға келдік.