Салалар
Талқылаулар
Новость
Құрметті ұстаздар! Сіздердің назарларыңызға Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, тәрбиеленушілеріне және білім алушыларына арналған байқаулар пулының (тізбесінің) жаңартылған және білім беру басқармасы деңгейінде бекітілген редакциясын ұсынамыз.
Пул педагогтарға аттестаттаудан өту бойынша міндеттерді оңай шешуге мүмкіндік береді: олардың біліктілік деңгейін жоғарылатуға, өз жетістіктері мен шығармашылығын ауқымды аудиторияға ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің облыстың әрбір педагогы QR-кодтар мен сілтемелер жүйесі арқылы дайындалған интерактивті құжатты пайдалана алады, әрбір байқау бойынша уақытылы және өзекті ақпарат ала алады, ережемен, мерзімдерімен, өлшемдерімен, сондай-ақ өткен жылдардағы талдаумен таныса алады.
Ұйымдастырушылар тобы байқаудың жаңартылған тізімі педагогикалық қоғамдастықтың кәсіби қызығушылығын арттыратынына, қатысушыларға жаңа көкжиектер ашатынына, кәсіби шеберліктің шыңдарына жету үшін бағдар болатынына, облысымыздағы адал бәсекелестік ортаны қолдайтынына сенім білдіреді.
Ұстаздарды бізбен бірге осы қызықты шығармашылық жолдан өтуге шақырамыз!
Құрметпен Б.М. Ғабдуллина, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары.