Салалар
Талқылаулар
Новость
Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуы мүмкін.
Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуы мүмкін.
Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуы мүмкін. Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Позитивті ата-ана – достық қарым-қатынасқа негізделген ата-ана стилі, бала мен ересек адамның қолдауы, өзара ынтымақтастығы. Мұндай тәсілдің нәтижесі – ата-аналарды педагогикалық қодау орталығының мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табатын біздің қоғамның басты байлығы ретінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ауданның барлық мектептерінде Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс жасауда. Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылады.