Салалар
Талқылаулар
Новость
Ардагер әріптес Нұржамиля Баязитовна, жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді.
Ардагер әріптес Нұржамиля Баязитовна, жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді.
Ардагер әріптес Нұржамиля Баязитовна, жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы мерейлі 75 жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Сіз еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді таныттыңыз. Өзіңізді ерекше қасиетіңізбен даралап тұрған да әулетіңіздегі тектілік тамырының тереңде жатқанынан болар.Сіздің ғұмырыңыз бізге үлкен өнеге. «Үлкені бар елдің құты бар» деген қазақ. Сіздей үлкендер ел ішінде қазыналы қарт екенін көрсетіп жүрсе, жас ұрпаққа үлгі болары хақ. Құрметті Нұржамиля Баязитовна, Сізге бүгінгі 75 жасқа толған мерейлі тойыңызда денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз!