Салалар
Талқылаулар
Новость
Бүгін, 25 қаңтарда Петропавл қ. «Нұрсәт» б/б базасында «Мектепке дейінгі балалық шақтың қазіргі құндылықтары: тәжірибе, проблемалар, даму перспективалары» тақырыбы бойынша «Шырақ» мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының облыстық қауымдастығының дөңгелек үстел форматында отырыс өтті.
Іс-шараның мақсаты - жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға мүдделі кәсіби қоғамдастықты дамыту.
Жұмыс аясында спикерлер «Ойыннан – білімге», «Асық терапиясы» көпфункционалды оқу құралдары, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және танымдық дамуын байытуға бағытталған инновациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе ұсынды. Іс-шараға қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін, педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау мен таратуды талқылады.
Іс-шара соңында педагогтардың белсенді қатысуымен іскерлік ойын өткізілді.