Салалар
Талқылаулар
Новость
2024 жылдың 24 қаңтарында білім бөлімінің басшысы Б. Ш. Баймағамбетованың төрағалығымен ауданның білім беру мекемелерінің басшыларымен жоспарлы кеңес өтті.

Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Б. К. Дүйсенова мектеп басшыларын бірінші жартыжылдықтағы білім сапасының қорытындыларымен, сондай-ақ 2023 жылғы «МОДО, ОЗНО, PISA» білімді сыртқы бағалаудың қорытындыларымен таныстырды.
Мектеп секторының меңгерушісі Е.В. Недоросткова 2024 жылы білім беру ұйымдарында болатын мемлекеттік бақылау шаралары туралы ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ Елена Владимировна ОАМ "Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру" ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түсініктеме берді.
АӘК әдіскері Б. Ж. Сексенбаева ВАК мониторингі барысында мектептерде ыстық тамақтануды ұйымдастыруда анықталған бұзушылықтарын атап өтті.
Білім бөлімінің басшысы Б. Ш. Баймагамбетовамен мектеп директорларына нақты тапсырмалар берілді: мектептердің әлеуметтік-педагогикалық қызметінің жұмысын ерекше бақылауда ұстау, ата-аналармен тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушыларға көмек көрсету, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, заңнамалық нормаларды сақтау. Сондай-ақ, сапаны арттыру, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты күшейту, оқу және сабақтан тыс уақытта балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтау, тамақтану сапасын бақылау және білім беру ұйымдарындағы санитарлық нормалардың талаптарын сақтау бойынша, бракераждық комиссиялардың жұмысын күшейту бойынша тапсырмалар берілді.