Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
14 наурыз - Көрісу күні
2024 жылдың 14 наурыз күні Қайрат орта мектебі ұжымы Көрісу күнін атап өтті.
#Біртұтас_тәрбие
#Көрісу_күні
#14_Наурыз
14 наурыз – бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып бір-бірімен амандасады. Үлкендер қос қолын беріп амандасып шығады. Бір-біріне "Бір жасыңмен", "Бір жасқа есеюіңмен", осы жылға аман-есен жетуіңмен деп құшақтасып, жылы лебіздерін білдіреді.
Бүгін Қайрат орта мектебінің ұжымы да мерекеден тыс қалмай, бүгінгі күнді атап өтті. Мақсаты: жас ұрпақты қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі – Наурыз мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге қызмет көрсетуге, сыйластыққа баулу. Халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
