Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
«AZAMAT CUP» аудандық пікірсайыс турнирі.
Дебат, пікірталас жастарды көшбасшылыққа баулитын бірден бір құрал. Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі шешендік, - деп М.К. Цицерон айтып кеткендей жеке пікірдің қалыптасып, оны айта білудің өзі –үлкен өнер. Көркем сөйлеу, бейнелі сөйлеу, нақыл сөзбен келістіре айту - кез-келген жанның бойынан табыла бермейді. Пікірталаста шеберлігіңді шыңдаудың жолдары-дебат турнирлеріне қатысу, ойнау. Ал ең бастысы-білім.
Наурыз айының 16 жұлдызында Астана қаласындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде «Азамат» клубы және Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайымен бірлесе отырып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» тақырыбы аясында «AZAMAT CUP» аудандық пікірсайыс турнирі болып өтті. Дебат турнирінің мақсаты - кітап оқуға баулу, пікірталаста өзара тәжірибе жинақтау, дебат қозғалысын дамыту. Алматы ауданы бойынша турнирге 16 команда қатысы.
Турнирдің жеңімпаз фракциялары мен үздік спикерлері анықталды.
Бас жүлде: №70 МЛ «QURYLTAY»
1-орын: №70 МЛ «Upgrade»
2-орын: №53 МЛ «Шаңтимес», №63 МГ «Ақиқат-1»
3-орын: №64 МЛ «Болашақ жастар», №37 МЛ. «Ұрпақ», №38 МЛ «Әлімхан ұрпақтары»
Үздік спикерлер:
- Құспан Дина, №53МЛ
- Батырбек Ақерке, №51 МГ
- Абдрасил Балым, №51 МГ
- Асқар Нұрай, №38 МЛ
- Тұрсынбек Айзере, №83 МГ
- Айдосқызы Айша №64 МЛ
Бұл турнир оқушылардың пікірлерін ортаға салып, тәжірибе жинақтауына үлкен көмегін тигізді.
Ұйымдастырушылар: Тәрбие бөлімі және «Азамат» дебат клубы, жетекшісі Бекназарова Д.О