Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
"КӨҢІЛДІ МАСЛЕНИЦА"
15 .03.2024 ж. Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ - де балаларымен"КӨҢІЛДІ МАСЛЕНИЦА" ойын-сауық өтті.Іс-шара барысында балалар масленица мерекесімен және оны тойлау әдет-ғұрыптарымен танысты.
Балалар құймақ тек мерекелік тағам емес, қысқы ұйқыдан кейін өмірге келген алтын күннің символы екенін білді!
Тәрбиешілер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай алды. Мереке соңында балалар дәстүрлі мерекелік тағамды - сары май құймақтарын қуана-қуана сынап көрді. Мереке жайбарақат, көңілді атмосферада өтті, балалар шын жүректен көңілді болды, дөңгеленіп билер биледі, ашық ойындар ойнады.
Біз бүгін көктем сұлулығын кездестіріп қана қоймай, бір - бірімізді сергектікпен, жігермен және жақсы көңіл-күймен қуаттағанымызға қуаныштымыз!