507
1
1092
0
1626
2555
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ "Наурыз – көктем мейрамы!» суреттер байқауы ұйымдастырылды ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ "Наурыз мейрамы" мерекесі қарсаңында бүгін, 13 наурыз күні 1-6 сынып оқушылары арасында "Наурыз – көктем мейрамы!» суреттер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: көркем шығармашылықтың дарынды балаларын анықтау. Байқаудың міндеттері: - азаматтық жауапкершілікке және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; - балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту; - балалардың шығармашылық өзін-өзі тануына жағдай жасау; - жас таланттардың шығармашылығында стиль мен үйлесімділік сезімін қалыптастыру. Барлық балалар осы байқауға белсенді қатысты. Әр сурет өзінің тарихымен, жарқыраған түстерімен және шексіз қиялымен ерекшеленді. Мұндай іс-шара балалардың бойында өз халқының дәстүрін сақтауға көмектеседі және көктемгі көңіл-күй сыйлайды! Алдағы уақытта оқушылардың жас ерекшелігін сақтай отырып, жеңімпаздарды анықтаймыз! #біртұтас_тәрбие #наурызмейрамы
b0130skobilim
187
13.03.2024 в 13:46