Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына.
Мектебімізде «Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы» 29-наурызда «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні ата-аналарды «Кел, бірге талқылайық!» тренингісінен бастау алып, «Біз біргеміз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Топтық жұмыс ретінде «Отбасылық құндылықтарды қолданудың өзектілігі», «Ұлттық құндылықтарды отбасында қалыптастыру және сақтау жолдары», «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» тақырыбында ата-аналар постер қорғап, отбасының құндылығы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді талқылауды. Біздің өміріміз отбасында өтеді, сол себепті отбасыңыздағы өміріңіз жарқын әрі қуанышты сәттерге толы болу үшін баламен үнемі достық қарым-қатынас орнату қажеттігі айтылды. Дөңгелек үстел соңында ата-аналар тарапынан тақырыпқа сәйкес «Қолдағы гүл» кері байланыс берілді. Кейін 3-сынып ата-аналары баласының тәртібі мен оқу үлгерімі туралы пән мұғалімдері мен сынып жетекшілермен байланыс орнатып, сұрақтарына жауап алды. ВИДЕО КӨРУ