Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
2024-2025 оқу жылындағы болашақ 1-сынып оқушылары ата-аналарының назарына!
Хабарландыру
2024-2025 оқу жылындағы болашақ 1-сынып оқушылары ата-аналарының назарына!
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін электрондық үкімет https://egov.kz/cms/ru/categories/secondary_school порталында қабылданады.
Оқу нысанына өтініштерді электронды түрде қабылдау үшін:
- № 065/у және № 052-2/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері.
- Көлемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті 2 дана;
№ 27 мектеп-лицейі 2024 жылдың 3 маусымы мен 29 тамыз аралығында 1 сыныпқа баратын оқушылардың түпнұсқа құжаттарын қабылдайды. (2017-2018 ж.т. балалар)
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма күндері 9.00 – 18.00 дейін.
Түскі үзіліс: 13.00 -14.00
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі (қағаз түрінде)
- Ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші.
- Жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет) немесе цифрлық құжаттама қызметінен алынған электрондық құжат.
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
- «Профилактикалық екпелер картасы (065/у) және «Бала денсаулығының паспорты» туралы (№ 052-2/у) медициналық анықтамалар.
- 3х4 фотосурет – 2 дана.
Әкімшілік