Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
«Таңдау жаса!» жобасы
«Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті» онкүндігі аясында мектепішілік «Таңдау жаса!» жобасы 9 – сынып оқушыларына «Мамандықтар әлемі» атты шеберлік сағаты өткізілді. Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Әрине, мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін, белгілі бір жоғары оқу орнына, бағдарламасына түсу мүмкіндігін де ескеруі керектігіне бағытталған презентациялар көрсетілді. Тақырыпқа сәйкес танымдық сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берген оқушылар жасырын сұраққа тағайындалған сыйлықтарды ұтып алды. Әр мамандықты таңдағанда мінез құлық ерекшеліктері ескерілетіндігі туралы бейнебаян көрсетілді. Мамандық таңдау уақыт пен түсінікті қажет етеді. Біз өзіміздің әлсіз және күшті қасиеттерімізді, мінезіміздің ерекшеліктері туралы мақсатты түрде ойлануымыз керек. ВИДЕО КӨРУ