Салалар
Талқылаулар
Новость
Нейрогимнастика балаларды кешенді дамыту құралы ретінде"
6-сынып оқушылары үшін психологиялық қызмет "Нейрогимнастика балаларды кешенді дамыту құралы ретінде"сабақтарын өткізді.Нейрогимнастика - ми қызметін жақсартуға арналған жаттығулар жиынтығы.
"Ми гимнастикасы" қозғалыс пен ойды біріктіру мақсатында дене шынықтыру жаттығулар арқылы ми жұмысының табиғи механизмдерін белсендіру әдістемесін қамтиды. Жаттығулар ақыл-ой белсенділігін жақсартады, жарты шарлардың жұмысын синхрондайды, есте сақтауға ықпал етеді, зейіннің тұрақтылығын арттырады, сөйлеу функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі, оқу мен жазу процестерін жеңілдетеді.