1822
1
2166
0
2427
3540
https://www.facebook.com/people/%25D0%25A2%25D0%25B8%25D1%2585%25D0%25BE%25D0%25BE%25D0%25BA%25D0%25B5%25D0%25B0%25D0%25BD%25D1%2581%25D0%25BA-%25D0%259D%25D0%25BC-%25D0%259A%25D0%25BC%25D0%25BC/pfbid0SLWt4KzarPYiv4VJndz2ksPyKgcVSnrxdU1pWF4SFcxTmPg5MqoFCJMaon54eJJXl/
#Міндетті_мектеп_формасы #Ата_аналар_жиналысы Жаңа 2024-2025 оқу жылына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар. Мектепте 20 мамыр күні кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: Жаңа 2024-2025 оқу жылына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау туралы. Жиыналысты мектеп директорының тәрбие ісі –жөніндегі орынбасары Г.Газезташып, ата-аналарды күн тәртібімен таныстырды. Ата-аналарға «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы толық мағлұмат берілді. 2024-2025 оқу жылында аудандық білім беру ұйымдарында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес: ✅1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет; ✅2) Қыздардың мектеп формасы: қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет, қара-көк түсті белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет. ✅3) Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады. ✅4)Мектеп формасына түрлі ❌ діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды ❌❌❌ Күн тәртібінде осы мәселені ортаға салдық. Ата -аналар бірауыщлан қолдау көрсетті
b1030skobilim
545
25.05.2024 в 10:56
Білім