2292
1
2626
0
2811
4065
https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653
Бұл өмірді кітапсыз елестетіп көрейікші. Адамдардың өмірінде кітап деген зат жоқ. Адамдар әлі кітапты ойлап таппаған болса, не болар еді?! Онда ешқандай ғылым жоқ болар еді. Медицина дамымаған, көліктер, ұшақтар, телефондар да жоқ болар еді. Себебі, кітап - бізге ақпарат жеткізуші. Мәселен, бір ғалым зерттеуін кітапқа жазды делік, шәкірті оның жұмысын дамытты. Ғылым осылай дамыды. Бір өнертапқыш өзі ойлап тапқан затты кітап етіп жазды, оны келесі ұрпақ жалғастырды. Адамның өмірі қысқа ғана ғой. Сондықтан кітап арқылы өмірден көргені мен түйгенін жеткізу керек болды. Мысалы, Абай атамыздың өлеңдерін кітап болмаса, қайдан оқитын едік?
b1030skobilim
417
14.10.2024 в 15:55