Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
🔰 Облыстық «Тірек» жобасын іске асыру аясында «№ 8 эстетикалық тәрбие мектебі-кешені» КММ базасында «Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтудің әдістемелік негіздері мен практикасы» атты облыстық семинар өтті.
Бір алаңда мектеп басшылары, білім бөлімінің мамандары және өңір педагогтары жиналып, аттестацияға дайындықтың негізгі аспектілерін талқылап, тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Аттестаттаудан сәтті өтудің және сапаны ішкі бақылауды ұйымдастырудың практикалық тәжірибесімен бөлісті:
– Петропавл қ., «Балдырған» б/б менгерушісі Стабаева С.Б.;
– Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, «Новоишим қазақ ОМ» КММ директоры Баймағамбетова Б. Ш.;
– Аққайың ауданы, «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Мейрамова С. С.;
– Петропавл қ., «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Симчера А. С.;
– Петропавл қ., «№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие кешені» КММ директоры Уалиева А. Ф.
– Өзін-өзі бағалауды дайындаудағы типтік қателіктерді талдады;
– Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерді қарастырды;
– Мектепті дамыту құралы ретінде оқыту сапасын ішкі мониторингті талқылады;
– Аттестацияны сәтті өтуге мүмкіндік беретін басқарушылық шешімдермен танысты.
Алынған білім мен ұсыныстар өңір педагогикалық ұжымдары үшін мемлекеттік аттестацияға дайындық барысында сенімді тірек болады.